Жаңалықтар

"Психологқа бардым". Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова бақытты өмірдің кілтін айтты

"Психологқа бардым". Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова бақытты өмірдің кілтін айтты
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial 11.12.2023 18:46 2359

Танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова психологпен жұмыс істеп, бақытты өмірдің кілті туралы сыр шертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Актрисаның айтуынша, бақытты өмірдің кілті мынада: 1. Өзіңе деген махаббат. 2. Күйеуіңе деген махаббат. 3. Балаларыңа деген махаббат. 4. Ата-анаңа деген махаббат.

Неге дәл осы реттілікпен болуы керектігін түсіндіруге тырысайын. Өзіңізді жақсы көрмей күйеуіңізге, балаларыңызға махаббат бере алмайсыз. Өзіңізге деген құрмет басым болған жағдайда ғана балаларыңыз бақытты ананың құшағында өседі. Біреу үшін өзін құрбандыққа салмайтын қағида бейсаналы түрде қалыптасалы, - деп жазды актриса.

Ол ата-ананың бір-біріне құрметі жоғары отбасында ғана бала эмоционалды тұрақты болатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға