Жаңалықтар

Психолог стрестен арылудың жолдарын атады

Психолог стрестен арылудың жолдарын атады
Фото: © Pixabay.com 26.03.2024 18:31 345

Ароматерапия, медитация, ұйқының қануы, таза ауада серуендеу және стреске қарсы ойыншықтар стресті төмендетуге жақсы әсер етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Психология ғылымдарының кандидаты Светлана Колосованың мәліметінше, адамның алақанында көптеген рецепторлар бар, сондықтан стреске қарсы ойыншықтардың массажға арналған функциясы барын таңдаңыз.

Олар жұмсақ және пішінін өзгертетін ойыншық түрлеріне қарағанда тиімдірек. Дегенмен стресті азайту үшін бір ойыншық жеткіліксіз. Маман жұмыстан келгеннен кейін шаршаудан арылу үшін шомылуға кеңес береді.

Ароматерапия туралы сөз еткенде, ол лаванда мен хош иісті заттардың иісі стрестен арылуға көмектесетінін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға