Қаңтар айында Маңғыстау облысының прокуратурасымен есірткі және психотроптық заттарды өткізу дерегі бойынша (ҚК-нің 297-б. 3-б. 1-т.) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыстық істі тергеп-тексеруді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасына тапсырылды.
Облыс прокуроры Айдос Майлыбаевтың өкімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі және облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері де кірді.
Ағымдағы жылғы 28 наурызда тергеп-тексеріліп жатқан қылмыстық істің екі эпизоды бойынша қатысы бар адамдар ұсталып, ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотпен оларға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Оқиға болған жерді қарап-тексеру кезінде 1,174 млрд теңге және 176 мың АҚШ доллары алынды.
Іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.
Тергеп-тексеру барысы облыс прокурорының қатаң бақылауында.
Прокурорлар қылмыстық есірткі тобы қызметінің жолын кесті
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес