Бүгін Бас прокуратура қызметкерлері спорт күніне орай өткізілген велошеруге қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық Спорт басқармасының ұйымдастырумен өткізіліп отыр.
Акция Қосшы қаласы бағытындағы айналма веложол учаскесінде таңғы жаттығудан басталды. Одан әрі қатысушылар елорданың жасыл белдеуінің аумағымен 25 шақырым қашықтықты еңсеріп, Үркер елді мекенінің маңында мәреге жетті.
Осы акция қатысушыларға оң әсер қалдырып, спорттық рухты нығайтуға және дайындық деңгейін көрсетуге жақсы мүмкіндік болды.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлер арасында жаппай спортты насихаттауға, ұжымның бірлігін нығайтуға, оларды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартуға өз үлесін қосады.
Прокурорлар бұқаралық велошеруге қатысты
Оқи отырыңыз
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі