Жаңалықтар

Проблемаларды сөзбен емес іспен шешу

Проблемаларды сөзбен емес іспен шешу
04.01.2018 05:21 1395

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесінің V форумы өтіп, онда Кеңес мүшелерінің  өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету,  Кеңестердін қоғамдық бақылау механизмі ретіндегі рөлін арттыру, қоғамдық  келісім кеңестерінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуының тиімділігі мәселелері талқыланды, сондай-ақ аудандық, қалалық, ауылдық деңгейлерде және кәсіпорындардағы Кеңестер жұмысының тәжірибесі қаралды. 

Форум жұмысына барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестерінің, аналар және ақсақалдар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

Бүгінде облыста барлық деңгейлерде және облыс орталығындағы кәсіпорындарда 239 қоғамдық келісім кеңесі құрылды. Оларда 4 507 адам тіркелген. ҚХА облыстық қоғамдық келісім кеңесі 52 адамнан тұрады, олардың ішінде мемлекеттік органдар басшылары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктер жетекшілері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, аналаржәне ақсақалдар кеңестерінің мүшелері және өзге де қоғам қайраткерлері бар.

Форум қатысушыларына арнап облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Қазақстанның Тәуелсіздік алған уақыттан бергі даму жолына тоқталып өтті. 

- Біздің алдымызда Елбасы айқындаған басты міндет – 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы және Қазақстанның әлем елдерінің бәсекеге қабілетті үздік 30 елінің қатарына кіруі. Бұл өте күрделі мақсат, алайда оған қол жеткізуге болады. Президент өз сөзінде айтқандай, бұл даму тек экономикада емес, барлық салаларда болуы тиіс, соның ішінде қоғамдық санының жаңғыру болуы тиіс. Бұл жаңғырудың басты бағыттары «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалада көрініс тапқан. Ол басты міндетті – барлық өзгерістерге және ең бастысы өзімізді жаңғыртуға рухани дайын болуды белгілейді. Бұл мақсаттарға жету үшін біз барлығымыз бірге алға жылжуымыз қажет. Ал бұл істе өте маңызды рөл қоғамдық келісім кеңестеріне бөлінеді. Тәжірибе көрсеткендей, олар жергілікті жерлердегі істің нақты жағдайын біледі және неғұрлым маңызды проблемаларды уақытылы анықтайды, халықты толғандырып жүрген ең өзекті мәселелерді көтереді және талқылау нәтижесі бойынша мемлекеттік атқарушы органдар алдына қойылатын нақты ұсыныстар шығарады.  Сондықтан аудандар мен кәсіпорындар кеңестерінің өкілдері тұрғындардың проблемалары мен өзекті мәселелерін айта алатын бұл форумның біздер үшін маңызы зор, - деп атап өтті Ғ.Оспанқұлов.

Өз кезегінде, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумында бұдан былай Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір қоғамдық келісім кеңесі тұрғындардың кеңестер өкілдеріне жүгінетін проблемаларын шешу паспортын тоқсан сайын ұсынып отыруға міндетті екендігін атап өтті.

- Енді кеңестер қоғамдық бақылаудың іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын сөзбен емес, іспен көрсетіп, есеп беруі тиіс. Аталған паспортта үш позиция көрсетілуі тиіс: кеңеске қандай проблемалық мәселе келіп түсті, оны шешу бойынша қандай шаралар қабылданды және қол жеткізілген нәтиже. Бұл қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін арттыру мақсатында жасалып отыр. Олар қоғамдық бақылау бойынша нақты жұмысты ұсынуы тиіс, сондай-ақ бұл жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқандығы, бюджеттен бөлінген қаржылар босқа шығындалып жатқан жоқ па, сол туралы түсінік береді, - деді Ғ.Қапақов.

Жыл сайын қоғамдық келісім кеңестерінің қызметі кеңейіп келеді. Бұл жағдай тұрғындарға өздерінің мәселелері естіліп, проблемалары шешіледі деген үміт береді және бұл туралы форум барысында ұйымдастырылған, «Маңызды сұрақтар уақыты» тақырыбындағы «бос микрофон» пікірталасы барысында сөйлеуге мүмкіндік берілген форумның қатысушылары айтты. Аудандық қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар туралы хабарлап, сондай-ақ туындаған қиындықтарымен бөлісті. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері өздерінің ойларымен және пікірлерімен бөлісіп, қайырымдылықтың жарқын мысалдары туралы айтты. Форум соңында қоғамдық келісім кеңестерінің белсенді мүшелерін және «Үздік медиатор», «Үздік медиация кабинеті» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Осылайша, бірінші номинация бойынша жеңіске Бөрлі ауданының медиаторы Майра Селбаева ие болды, ал үздік медиация кабинеті үшін жүлдені Ақжайық аудынына кабинет жетекшісі Жігербай Қажығалиев алып кетті.

Ресми бөлім аяқталған соң Ассамблея үйінде «Туған елім – тірегім» тақырыбына фестиваль өтіп, оған аудандардың шығармашылық ұжымдары мен солистері қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға