Жаңалықтар

Президенттің Өзбекстанға жұмыс сапары аяқталды

Президенттің Өзбекстанға жұмыс сапары аяқталды
Фото: Ақорда 05.04.2024 21:03 832

Қазақстан Президентінің Өзбекстанға жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Үргеніш әуежайынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды.

Тоқаев жұмыс сапары барысында Өзбекстан президентімен келіссөз жүргізіп, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударды.

Осы ретте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті алтыншы Консультативтік кездесуіне дайындық барысы, сондай-ақ С5+ форматындағы ықпалдастық перспективалары талқыланды.

Екі ел басшылары өңірдегі өзара ынтымақтастықты нығайту үшін Қазақстан мен Өзбекстанның теміржол әкімшіліктері арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы бастамаға қолдау білдірді. 

Сонымен қатар екі елдің басшылары Хиуа қаласының тарихи орындарын аралады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға