Жаңалықтар

Президенттің күзет қызметкерлері құтқару жұмыстарына атсалысып жатыр

Президенттің күзет қызметкерлері құтқару жұмыстарына атсалысып жатыр
Фото: ТЖМ 12.04.2024 12:22 2038

ҚР МКҚ қызметкерлері құтқарушыларға су тасқыны салдарын жоюға көмекке келді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Осы сәтте Ақмола облысы Жібек Жолы ауылында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі күштерінің тобы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері елді мекенге жақын жердегi үйінді бөгеттің жағалауын нығайтуда және су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, Мемлекеттік күзет қызметінің миссиясы - Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін ұйымдастыру және үйлестіру.

Президенттің күзет қызметкерлері құтқару жұмыстарына атсалысып жатыр

Фото: ТЖМ

Президенттің күзет қызметкерлері құтқару жұмыстарына атсалысып жатыр

                                           Фото: ТЖМ                                      

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға