Жаңалықтар

Президенттікке үміткер Нұржан Әлтаев емтихан тапсырды

Емтихан қорытындысына сай кандидат жеті қате жібергендігі анықталды
Президенттікке үміткер Нұржан Әлтаев емтихан тапсырды
Фото: atameken.kz 11.10.2022 18:04 1605

ҚР Президенттігіне кандидат Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілде емтихан тапсырды, деп хабарлайды El.kz. 

 Емтихан тапсыру барысында Нұржан Бауыржанұлы бірінші жазба тапсырмасына «Біртұтас Алаш идеясы» тақырыбын таңдаған. Екінші тақырыпта ауызша тапсырмасында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан үзіндіні алған. Үшінші сынақта жұрт алдында сөйлеуге «Бабалар аманаты» тақырыбын таңдады.

 Үш тапсырма бойынша үміткер мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеп, қорытынды бағасын алды деді лингвистикалық комиссия мүшесі Дихан Қамзабекұлы. Сондай-ақ, комиссия мүшелері үміткердің бірнеше мемлекеттік қызмет атқарғандығын тілге тиек етіп, шешендігі мен көп алдында сөйлегенді тәнті етті деп отыр. 

Таңдаған тақырыбы бойынша мәселені көтеру арқылы, оның шешу жолдарын көрсете алатындығын жеткізді. Лингвистикалық комиссия мүшелері осы күнге дейін ешбір кандидаттың бірде-бір қате жібермегенін тілге тиек етті. Бұл саутсыздық дегенді білдірмейтіндігін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға