Жаңалықтар

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарын тапсырды

Ол «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды
Президенттікке үміткер Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Фото: El.kz 08.10.2022 17:20 1333

ҚР президенттігіне үміткер Астана қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәслихат депутаты Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының қарауына кандидат ретінде құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды El.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының құжаттарды қабылдау жөніндегі комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырды:

1. «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамаларынан үзінді көшірменің түпнұсқасы;

2. Үміткердің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы, өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері;

6. Мемлекеттік және сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы құжаттар;

7. Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың өмірбаяндық деректері.

Құжаттарды қабылдау комиссиясының мүшелері әр құжатты жеке-жеке қарап шығып, олар бойынша ешқандай сауалдары жоқ екенін жеткізді.

Үміткер Қарақат Әбденге ұсынған құжаттардың қабылданғаны туралы акт берілді.




Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға