Жаңалықтар

Президенттікке кандидат Тұрсынбекованың сайлауалды штабының жұмысы басталды

Үміткер штабтың жұмысын БАҚ өкілдеріне таныстырды
Президенттікке кандидат Тұрсынбекованың сайлауалды штабының жұмысы басталды
Фото: El.kz 21.10.2022 19:07 1542

Президенттікке кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz

Үміткер штабтың жұмысын БАҚ өкілдеріне таныстырды. Негізгі күшті әділдік пен әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге, балаларды, әйелдерді, қарттарды және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау мен қолдаудың тиімді және нақты тетігін құруға бағыттамақ.

"Штабтың жұмысы басталып кетті. Мұнда 10 адам жұмыс істейді. 20 өңірде штабымыз құрылды. Ешқандай кедергі жоқ. Қызметкерлер таңнан кешке дейін жұмыстардың бәрін жоспарлап, ретімен өткізетін болады", — деді Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова.

Сондай-ақ, үміткер кесте бойынша өңірлерге шығып, жұмыс жүргізетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, ОСК-ның кезекті 19 отырысында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ атынан президенттікке ұсынылған Салтанат Тұрсынбекова ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелген болатын. Кандидат 18 өңірден 119316 дауыс жинады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға