Жаңалықтар

Президенттің Іс Басқармасы қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Бұл туралы ҚР Президентінің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев Телеграм каналында жазды
Президенттің Іс Басқармасы қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Фото: egemen.kz 14.09.2022 09:51 1193

Президенттің Іс Басқармасы қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ҚР Президентінің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев Телеграм каналында жазды

«Президенттің Іс Басқармасы үшін бүгін және ертең өте жауапты күндер болғалы тұр. Біз еліміз үшін өте маңызды іс-шараны ұйымдастыруға атсалысып жатырмыз. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезіне қатысу үшін астанамызға әлемнің 50 елінен жүзге тарта делегация келді. Осы ауқымды шараға қызмет көрсету біздің Автошаруашылыққа, Медициналық орталықтың ауруханасына, Әкімшілік ғимараттар дирекциясына, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығына, ресми іс-шаралар бөлімі және басқа да бөлімдерімізге жүктеліп отыр. Ұжымның 350-ден астам мүшесі техникалық қолдау аясында съезге тікелей атсалысады. Мәртебелі қонақтарды күтіп алады, оларды көлікпен тасуға, орналасуына, тамақтануына, медициналық тұрғыда көмектесуге жауап береді», - деді Айбек Дәдебаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға