Жаңалықтар

Президентікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова гендерлікке қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Салтанат Тұрсынбекова штабының баспасөз-хатшылығы мәлімдеді
Президентікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова гендерлікке қатысты пікір білдірді
Фото: Салтанат Тұрсынбекова штабы 09.11.2022 13:41 915

ҚР Президентігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова сайлаушылармен кездесуінде гендерлікке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz.

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қостанайда құқық қорғаушылармен және заңгерлермен кездесу өткізді.  Онда ол елдегі басшылық қызметтегі әйелдердің құзыреттілігі төмен екенін  айтты.

 «Қазақстандағы басшылық лауазымдардағы гендерлік өкілдіктің жағдайы аса мәз емес.  Әйелдер ел халқының басым бөлігін құраса да, басшылық қызметтегі әйелдер саны өте аз.  Құзыреттілік жоқтығынан әйелдердің пікірі ескерілмейді», - деді ол.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстан Республикасының халқы 19 миллион адамды құрайды, оның 52 пайызы – әйелдер.  2020 жылғы есепке сәйкес, елімізде жұмыс істейтін әрбір екінші әйелдің (47,3%) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болды.  Жоғары білімді жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі небәрі 38,1% құрайды.

 «Біздің елде әйелдер көп, олардың арасында білімдісі де көп.  Бірақ басшылық қызметтерде көзге көрінетін теңгерімсіздік бар. Оған мына жағдайларды мысал ретінде алуға болады: қазір бізде облыс немесе республикалық маңызы бар қаланың бірде-бір әйел әкімі жоқ.  Тек екі әйел министр бар.  Содан кейін олар әдеттегідей әйелдер ғана басқаратын - денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау салалары.  Парламенттегі әйелдердің саны үштен біріне де жетпейді», - дейді ол.

Сондай-ақ спикер партиялық тізімдерге әйелдер мен жастардың кем дегенде 30 пайызы кіруі керек деген квота туралы да айтты.

 «Бүгінде заңнамада әйелдер құқығын шектейтін белгілі бір 30%-дық  квоталар қарастырылған. Мен бұл квоталармен мүлде келіспеймін. Басқа ешбір елде мұндай нәрсе іс жүзінде жасалып жатқан жоқ. Бұл 30%-дық норма болатындай қандай да бір өнім емес қой. Мен әйел де ер азаматтар істейтін барлық лауазымдарда қызмет етуі керек деп есептеймін. Құзыреттілік тең болуы керек! Егер бізде халықтың 52 пайызы әйелдер болса, Парламенттегі, квазимемлекеттік сектордағы, кез келген саладағы әйелдердің үлесі кем дегенде 50 пайыз болуы тиіс. Мен өз бағдарламамда гендерлік теңдік туралы да айтып жүрмін», – дейді Салтанат Тұрсынбекова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға