Жаңалықтар

Президент жазушы Медеу Сәрсекенің отбасына көңіл айтты

Президент жазушы Медеу Сәрсекенің отбасына көңіл айтты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 21.03.2024 09:39 313

Мемлекет басшысы жазушы Медеу Сәрсекенің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург және қоғам қайраткері Медеу Сәрсекенің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Медеу Сапаұлы кемеңгер жазушы ретінде талғамы жоғары оқырманның ықыласына бөленді. Қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының сүрлеуін салған қаламгер ғылымның мүмкіндігін өрнекті сөзбен кестелеп жеткізе білді. Соңына бай рухани және әдеби мұра қалдырған Медеу Сапаұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға