Жаңалықтар

Президент Вьетнамның әскер тарихы музейіне барды

Президент Вьетнамның әскер тарихы музейіне барды
Фото: Akorda.kz 21.08.2023 19:08 715

Мемлекет басшысына музейдің ашылу тарихы таныстырылды, сондай-ақ «Дьенбьенфу түбіндегі ұрыс» атты қысқаметражды деректі фильм көрсетілді. Содан кейін Президент экспонаттар қойылған залдарды аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ханойдағы әскер тарихы музейі орналасқан Корольдік цитадель ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген.

Отыз залы бар әскери музейде 160 мыңға жуық жәдігер мен құжат сақталған. Олар Вьетнамның құрылу және қарулы күштерінің даму тарихымен байланысты.

Музейден елдің тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда пайдаланылған соғыс машиналары мен қаруларын көруге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға