Жаңалықтар

Президент Вьетнам Республикасының басшысын тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Вьетнам Республикасының басшысын тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Akorda.kz 02.09.2023 15:20 663

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Во Ван Тхыонгты және Вьетнам халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Біз шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген Вьетнам Социалистік Республикасымен арадағы конструктивті серіктестікті жоғары бағалаймыз. Жуырда Ханойда Қазақстан-Вьетнам қатынастарының барлық бағыты бойынша өткен ашық әрі мазмұнды талқылауларымызды ерекше еске аламын, деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, Вьетнам басшысының игі бастамаларына табыс тіледі.П

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға