441.12
465.6
5.82

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Ақорда
Фото: Ақорда 01.02.2023 13:02 501

Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралыАқорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биыл қаңтарда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді.

Ғалымжан Пірматов Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асырудың және валюта нарығын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар