Президент То Ламды Ақордада қарсы алды

 Ақорда
Фото: Ақорда

«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламды ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Оқи отырыңыз