Жаңалықтар

Президент Телерадиокешені халықаралық телеарнаның қосылатынын хабарлады

Президент Телерадиокешені халықаралық телеарнаның қосылатынын хабарлады
Фото: ПТРК 27.08.2023 20:08 600

1 қыркүйектен бастап жаңа Silk Way Cinema халықаралық телеарнасы іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Телерадиокешенінің мәліметінге, телеарна қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы хабар таратады, арна сигналы оннан астам таяу шет елдерге қолжетімді болады. Жаңа спутниктік арнаның командасы танымдық және білім беру бағдарламаларын, деректі және музыкалық жобаларды, телехикаяларды эфирге шығармақ.

Сонымен бірге, Silk Way Cinema эфирінде республикалық телеарналар мен «Қазақфильм» киностудиясының фильмдік контенті де көрсетіледі.

Silk Way Cinema өзін жағымды көңіл-күй көзі ретінде танытады, жаңа телеарна аудиториясына тек қана қазақстандық контент ұсынылады. ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа медиа-ресурсы отандық креативті индустрияның үлгісі болуды, көрші мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуды, сондай-ақ түрлі елдердегі қазақ диаспорасы өкілдеріне сапалы контент ұсынуды жоспарлап отыр, - деп жазылған Президент Телерадиокешенінің хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға