Президент «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы Гүлмира Илеуованы қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық құрылтай мүшесі, әлеуметтанушы Гүлмира Илеуовамен кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуде Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, жастар арасында құндылықтарды насихаттау, соның ішінде еңбексүйгіштік, техникалық мамандықтарды дәріптеу туралы айтылды. Сонымен қатар Қазақстанды өркендетуге үлес қосатын ұлттық буржуазияны қалыптастырудың өзектілігіне, ұлттың бәсекеге қабілетін арттыру үшін білім культін нығайтуға, инновациялық ойлау жүйесін дамытуға, «Құқықтық тәртіп», «Әлеуметтік әділеттілік» қағидаттарына басымдық берілетін қоғамдық қатынастарды ілгерілетуге назар аударылды.
Гүлмира Илеуова қоғамда кеңінен талқыланып жатқан мемлекеттік рәміздерге қатысты пікірін білдіріп, Елтаңбаға және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қарым-қатынасына байланысты ұсыныстарын жеткізді.
Президент «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының» басшысын қабылдады
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады