Жаңалықтар

Президент Сергей Терещенконың отбасына көңіл айтты

Бұл туралы Ақорда мәлім етті
Президент Сергей Терещенконың отбасына көңіл айтты
Фото: atameken.kz 10.02.2023 15:51 1024

Президент мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенконың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенконың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

 – Сергей Александрович еңбек жолында колхоз инженерінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірінші төрағасына дейінгі кәсіби белестерден өтті. Оның басшылығымен Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар әзірленіп, жүзеге асырылды. Белсенді қоғам қайраткері және кәсіпкер ретінде С.Терещенко еліміздің дамуына, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Ерекше сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағымен, басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталды, – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары үкімет басшысы болған Сергей Терещенко 72 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға