Жаңалықтар

Қазақстанның бірінші Премьер-Министрі Сергей Терещенко өмірден озды

Қазақстанның бірінші Премьер-Министрі Сергей Терещенко өмірден озды
Фото: eldala.kz 10.02.2023 12:34 1035

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары үкімет басшысы болған Сергей Терещенко 72 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сергей Терещенко 1991-1994 жылдары Қазақстан Үкіметін басқарған. Қиыр шығыста туып, Алматыда білім алған оның қызметтегі жолы кеңес дәуіріндегі Түркстан облысында басталды. 

Украин ұлтының өкілі білетіндердің сөзінше өзін қазақ деп санаған. Марқұмның қайтыс болу себебін әзірге айтылмады.

Ол 1973 жылы Алматыда ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін Түлкібас ауданында еңбек жолын бастаған. Кейін бірнеше ауданда басшылық қызмет атқарып, бұрынғы Шымкент облысына жетекшілік еткен. Ол егемендік жылдары үкіметке жетекшілік етті.

Ол бұрынғы "Отан"партиясының алғашқы төрағасының міндетін болды. 1999-2002 жылдары партияға жетекшілік ете жүріп, оның мүшелері санын 300 мыңға жеткізгені айтылады. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға