Жаңалықтар

Президент Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевты ұсынды

Президент Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен  Әшімбаевты ұсынды
Фото: parlam.kz 26.01.2023 10:16 678

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Сенатының отырысындағы сөзінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын.

Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын, - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға