Жаңалықтар

Президент сайлауының алғашқы Exit poll нәтижесі шықты

Жалпы республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске жұмыс істеді
Президент сайлауының алғашқы Exit poll нәтижесі шықты
Фото: El.kz 21.11.2022 00:15 1577

Президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды. Сонымен, Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинады (82,45 пайыз), деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Ашық қоғам" аймақтық зерттеулер халықаралық институты қоғамдық қоры сайлауға қатысып, дауыс берген азаматтар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Соның нәтижесі бойынша 20 қарашада өткен президент сайлауында кандидаттар келесідей дауыс жинады.  

• Қасым-Жомарт Тоқаев - 82,45 %;
• Жигули Дайрабаев - 3,33%;
• Мейрам Қажыкенов -2,23 , %;
• Салтанат Тұрсынбекова -2,08 %;
• Қарақат Әбден - 2,54, %;
• Нұрлан Әуесбаев -2,17%;
Бәріне қарсы болғандар саны — 5,2 пайыз.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашада елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,43% бюллетень алды. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысқандар санын жариялады. ОСК мәліметінше, 22:00-дегі жағдай бойынша, 8 299 501 адам сайлауға қатысқан. Яғни, бұл сайлаушылар санының 69,43 пайызын құрады.

Еске сала кетейік, жалпы республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске және 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға