Жаңалықтар

Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өтті

Ол  кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған еді
Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өтті
Фото: gov.kz 08.10.2022 17:53 1225

ҚР президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиляқ патриоттық партиясының атынан ұсынылған үміткер Жигули Дайрабаев мемлекеттік тіл емтиханын сәтті тапсырды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Жигули Дайрабаевтың шығарма тақырыбы «Менің елім, менің жерім» деп аталды.

Екінші - мәнерлеп оқудан Абай өлеңдерін оқыды.

Үшінші - еркін тақырыпта немесе «шаршы сөзде» «Күшіміз - бірлікте» деген тақырыпты алды. Шығармасын жаза алды, ойын жеткізді. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Күшіміз бірлікте» тақырыбында ойын еркін жеткізе алды. Комиссия «Жигули Дайрабаев мырза мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды жасады», - деді лингвистика комиссиясының мүшесі Дихан Қамзабек.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға