Жаңалықтар

Президент сайлауы: Теледебатқа кімдер қатысатыны белгілі болды

Телевизиялық пікірсайыс 11 қарашада«Хабар» телеарнасының эфирінде өтеді
Президент сайлауы: Теледебатқа кімдер қатысатыны белгілі болды
Фото: atr.kz 08.11.2022 14:00 1552

Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидаттардың пікірсайысының регламенті мен қатысушылар тізімі бекітілді, деп хабарлайды El.kz

"Телевизиялық пікірсайысқа қатысушылардың келесі құрамы ұсынылады: Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы. Осылайша, пікірсайыс өткізу регламентімен келісу, сонымен қатар телевизиялық пікірсайсқа қатысушылардың тізімін бекіту туралы қаулы жобасы қарауға ұсынылады», - деді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға