Жаңалықтар

Президент сайлауы: Тағы бір үміткер заң талаптарына сай емес

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында айтылды
Президент сайлауы: Тағы бір үміткер заң талаптарына сай емес
Фото: kazakh24.info 13.10.2022 11:45 1795

Талғат Ерғалиев Президенттікке үміткер ретінде қабылданбады, деп хабарлайды El.kz

Талғат Ерғалиев 2022 жылы 7 қазанда Қазақстан құрылысшылар одағы республикалық заңды тұлғалар бірлестігінен ҚР Президенттіке үміткер ретінде ұсынылды. 10 қазан күні ҚР Сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сай ҚР Президентітігіне үміткер ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді. 

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, ҚР Президенттігіне үміткер Талғат Ерғалиев ҚР Конституциясына және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңындағы талаптарға сәйкес емес. Осыған байланысты арнайы хаттамаға қол қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға