Жаңалықтар

Президент сайлауы: Үгіт насихат қашан басталады?

Тыныштық күні 19 қараша сағат 0.00-ден 20 қараша сағат 0.00-ге дейін.
Президент сайлауы: Үгіт насихат қашан басталады?
Фото: baq.kz 13.10.2022 08:11 2151

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 2022 жылғы 22 қазаннан 19 қарашада сағат 00-00-ге дейін жалғасады. Бұл процеске берілген 28 күн аяқталған шақта «тыныштық күні» жарияланады, деп хабарлайды El.kz.

Тыныштық күні 19 қараша сағат 0.00-ден 20 қараша сағат 0.00-ге дейін.

Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ға екі күндік мерзімде (22 қарашадан кешіктірмей) жеткізіледі. Яғни, сайлаудың алдын ала қорытындылары 21-22 қараша аралығында жариялануы шарт.

Заңнамада сайлау қорытындыларын белгілеуге және жариялауға, сайланған Президентті тіркеу Орталық сайлау комиссиясы сайлаудан кейін 10 күннен аспайтын мерзімде көзделген. Бұл жолы сайлау қорытындыларын анықтап, сайланған Президентті тіркеуге 7 күн беріліп отыр – 21.11.2022 ж. – 27.11.2022 ж.

Қорытып айтсақ, кезектен тыс президент сайлауы дауыс беру күнін қоса есептесек, Жарлық жарияланған күннен бастап 60 күннің ішінде өтеуі керек. Үміткер ұсыну кезеңі 19 күнге, қолдардың сәйкестігін анықтау, беру, жинау және тексеру - 29 күнге, сайлау алдындағы үгіт-насихат 28 күнге, дауыс беру алдындағы «тыныштық күні» 1 күнге, дауыс беру процесі 1 күнге, қорытындыларды белгілеп, сайланған Президентті тіркеу – 7 күнге созылады. Ал бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы хабарды сайлау өткізілген күннен бастап 10 күннен қалмай, яғни 30 қарашадан кешіктірмей жариялануы керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға