Президент Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады

 t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 18-19 шілдеде «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.

Оқи отырыңыз