Жаңалықтар

Президент Рудный қаласындағы «Жас-Қанат 2006» құс фабрикасына барды

Бұл туралы Ақорда мәлім етті
Президент Рудный қаласындағы «Жас-Қанат 2006» құс фабрикасына барды
Фото: Ақорда 21.01.2023 17:10 1172

Мемлекет басшысы Рудный қаласындағы «Жас-Қанат 2006» құс фабрикасына барып, құс шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.   

• Құс фабрикасында өндірілетін өнім еліміздің барлық өңірлерінде сатылады, сондай-ақ ТМД елдеріне экспортталады.

• Цехтың қуаты жылына 260 миллион дана жұмыртқа және 500 тоннадан астам ет өнімдерін өндіруге жетеді. Былтыр 517 тонна ет және 199,1 миллион дана жұмыртқа өндірілді.

• Кәсіпорында өндірістік қуаты сағатына 120 мыңнан астам жұмыртқаны сұрыптап, өлшеп және маркерлей алатын Nabel жапон технологиясы қолданылады.

• Өндірістің автоматтандырылуы сегіз сағатта миллионға дейін жұмыртқа тасымалдауға және орауға мүмкіндік береді.       

Президентке облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің өнеркәсіптік және аграрлық әлеуеті жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев ақ ауыл шаруашылығы саласындағы перспективті жобалармен танысты.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайланғаннан кейін, ең алдымен, ауыл мен ауылдық аумақтарды дамыту туралы Жарлыққа қол қойғанын айтты. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен ауылдарды дамытуға 1 триллион теңге бөлінетінін жеткізді. Оның пікірінше, Үкімет пен әкімдіктер бұл қаржыны өңір тұрғындарына барынша тиімді болатындай жұмсауы керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға