Президент Қазақстанның Грузиядағы елшісін қабылдады

 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстанның Грузиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мәлік Мырзалинді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әңгімелесу барысында Президент Грузиямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәлік Мырзалинге екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық қатынастарды жандандыру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. 

Президент Қазақстанның Грузиядағы елшісін қабылдады

Оқи отырыңыз