Жаңалықтар

Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті
Фото: Akorda.kz 06.02.2024 14:47 338

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде Президент Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, «Ақ жол» партиясынан Дания Еспаева, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға