Жаңалықтар

Президент отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің әлеуетімен танысты

Президент отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің әлеуетімен танысты
Фото: Akorda.kz 05.09.2023 20:04 642

Оқу-жаттығу жиыны барысында Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының қару-жарақ пен әскери техника шығару және жөндеу мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Далада ұйымдастырылған арнайы алаңқайда Орталық Азия аймағындағы бронды техникаларды жөндеуге маманданған жалғыз «Семей инжиниринг» (Семей) зауыты бронды жөндеу-эвакуациялық транспорттау машинасын пайдалана отырып, ұрыста зақымданған техниканы қайта қалпына келтіру барысын көрсетті.

«Navyco» компаниясының өкілі (Астана) бронды техниканы қалпына келтіруге арналған агрегаттардың дала жағдайында  қалай ауыстырылатыны, ал «КамАЗ Инжиниринг» (Көкшетау) және «№405 авиажөндеу зауыты» (Алматы) кәсіпорындары әскери техниканы құрастыру, қалпына келтіру мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берді.

Көрмеге Қазақстан мен Түркияның «Қазақстан Aselsan инжиниринг» (Астана) бірлескен кәсіпорны, «Восток Полимер Снаб» ЖШС (Өскемен), «Universal-Build» ЖШС (Алматы), «Energy General» ЖК (Алматы) және басқа да кәсіпорындардың өнімдері қойылды.

Президентке түркиялық «Оtakar» компаниясы шығаратын ARMA бронды машинасының су кедергілерінен өту мүмкіндіктері таныстырылды.

Көрмені аралап көрген Мемлекет басшысы отандық қорғаныс өнеркәсібінің әлеуетін арттыру маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға