Жаңалықтар

Президент Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

Президент Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
Фото: Akorda.kz 15.08.2023 16:09 464

Мемлекет басшысы Қазақстанның Аустриядағы елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалған Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесу барысында Президент Аустриямен және Венадағы салалық халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатқа Қазақстанның серіктес мемлекеттермен екіжақты және көпжақты форматтағы өзара қарым-қатынастарын нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға