Жаңалықтар

Президент мерекеде жұмыс істеп жатқандарды арнайы құттықтады

Президент мерекеде жұмыс істеп жатқандарды арнайы құттықтады
Фото: Akorda.kz 01.01.2024 02:34 582

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңажылдық бейнеқұттықтауында мерекеде жұмыс істеп жатқан барлық азаматтарға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар бүгін Жаңа жылдың қарсаңында жұмыс істеп жатқан адамдарға арнайы құттықтауымды жолдаймын. Сіздер елімізге адал қызмет етіп жүрсіздер. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз құттықтауында Президент жаңа жылдың әр шаңыраққа, әр азаматқа қуаныш пен шаттық әкелуін тіледі.

Үлкендеріміз аман болсын! Балалардың арманы орындалсын! Еңбектеріңіз жемісті болсын! Төрт құбыламыз түгел болсын! Көк туымыз мәңгі желбіресін! Әнұранымыз шырқала берсін! Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!, - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға