Жаңалықтар

Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Фото: t.me/aqorda_resmi 21.05.2024 16:03 505

Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шарада Президент мына азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады:

«Парасат» орденімен:

Темір Тікішев – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы.

«Құрмет» орденімен:

Азамат Асқарұлы Асқаров – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әртісі;

Асылбек Құсымұлы Ахатов – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің әртісі;

Ғайнижамал Байкәрімқызы Әбілдина – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры;

Айжан Абылайханқызы Джулмухамедова – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы;

Тоғжан Жанатқызы Карменова – А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі директорының орынбасары;

Гүлжан Ақмәдиқызы Қалдыбаева – Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінің суретші-реставраторы;

Қапаш Қабыкенқызы Құлыш – Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры;

Светлана Магнитқызы Медеубаева – А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің бөлім басшысы;

Гүлзира Бәкірқызы Молдашева – Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінің бас қор сақтаушысы;

Қарлығаш Төкенқызы Мұртазина – «Айгүл» ВАА вокалисі;

Гульбахар Касимовна Насирова – Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының бөлім меңгерушісі;

Төлепберген Торахметұлы Тоқжанов – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Бәтеш Рахметжанқызы Ақпасова – Қазақстан Республикасының ұлттық музейінің қызмет басшысы;

Мұрат Құмарғалиұлы Бисенғалиев – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының аға оқытушысы;

Әлия Шүйіншәліқызы Жабаева – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры режиссердің көмекшісі;

Марина Сергеевна Омирбекова – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры аккомпаниатор-концертмейстері.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы:

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің дирижері Жексен Қуанұлы Айсын;

А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы Саян Досмахамбетұлы Ақмолдаев;

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының бас хормейстері Әлия Жанәбілқызы Темірбековаға берілді.

Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға