Жаңалықтар

Президент күзет қызметінің басшылығына әлем чемпионы тағайындалды

Президент күзет қызметінің басшылығына әлем чемпионы тағайындалды
Фото: Akorda.kz 10.02.2024 14:45 1453

Мемлекет басшысының өкімімен Роман Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрлікке сілтеме жасап. 

Роман Төреханов 2016 жылы бразилиялық джиу-джитсудан 94 келіде әлем чемпионы атанған. Сонымен бірге об абсолютті салмақта да әлем біріншілігінде топ жарған. Бұл уақыттары ол мемлекеттік күзет қызметінде еңбек етіп жүрген еді. 

Айта кететін жайт, аталған қызметті осыған дейін Шыңғыс Әрінов атқарып келді. Ол 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға