Жаңалықтар

Президент «Керуен-Medicus» клиникасының жаңа корпусын аралап көрді

Президент «Керуен-Medicus» клиникасының жаңа корпусын аралап көрді
Фото: Ақорда 01.06.2023 19:19 545

Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мекемесінің клиникалық-диагностикалық бөлімшесін аралап көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Клиникада ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және стационарлық көмек тек ақылы негізде ғана емес, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында да көрсетіледі. Мекеме 18 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.

Президент клиника қызметкерлерімен әңгімелесу барысында арнаулы жоғары технологиялық медициналық мекемелер мен орталықтар ашу маңызды екенін атап өтті. 

Сондай-ақ олардың аса жауапты еңбегіне табыс тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға