Жаңалықтар

Президент кәсіпкерлік саласында жаңа ережелер бекіту туралы айтты

Президент кәсіпкерлік саласында жаңа ережелер бекіту туралы айтты
Фото: Ақорда 01.09.2022 11:17 1949

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялап жатыр, деп хабарлайды El.kz

«Алтыншы. Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау. Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек (регулирование «с чистого листа»). Тапсырма екі жылдан бері орындалмай келеді. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет», - деді Президент.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға