Жаңалықтар

Президент идеологиялық жұмыстың маңызын атап өтті – Лаура Қарабасова

Президент идеологиялық жұмыстың маңызын атап өтті – Лаура Қарабасова
Фото: facebook.com/LauraKarabassova 03.01.2024 16:26 645

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында қоғамды толғандыратын өзекті сұрақтар талқыланған. Бұл туралы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Лаура Қарабасова мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарабасованың сөзінше, озбырлық пен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелерінде президент өзінің позициясын білдіріп, идеологиялық жұмыстың маңызын атап өтті.

Қоғамда озбырлық пен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбейтін түсінік қалып­таспаса, заңға енгізілген өзгеріс­терден аса қайыр болмайды. Жұрт зорлық-зомбылық жасағандарға жазаны қатайтуды талап ете тұра, қылмыс әлеміндегі шытырман оқиға­ларға таңдай қағып, фильмдердің заңды белден басатын кейіпкерлерін ғана емес, тіпті шынайы өмірдегі кәнігі қылмыскерлердің өзін пір тұтып жатады.

Біз заңсыздық пен қатыгездікке бір кісідей, батыл қарсы тұруымыз қажет. Сондай-ақ қоғам нормалар мен ережелердің және жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың аяқасты болуын қатаң айыптап, онымен бірлесе күресуі керек, - деді Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға