Жаңалықтар

Президент елдің ынтымақтастығына үлес қосқан өзге ұлт өкілдерін марапаттады

Президент елдің ынтымақтастығына үлес қосқан өзге ұлт өкілдерін марапаттады
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі 27.04.2023 12:15 1251

Президент жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бірнеше азамат марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму»атты ХХХІІ сессиясының отырысында айтылды.

IІ дәрежелі «Достық» орденімен:

  1. Гера Ким, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Азия зерттеулер институтының директоры;
  2. Константин Ким, «Коре ильбо» республикалық газетінің бас редакторы.

«Құрмет» орденімен:

  1. Бронислав  Бугинас, «Lituanica» литвалықтар ҚБ мүшесі;
  2. Наринэ Микаелян, «Наири" Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары.

«Шапағат» медалімен:

  1.  Алина Кан, «Сөйле» тілдесу клубының қазақ тілінің оқытушысы;
  2. Дмитрий Останькович, «Радима» беларусь мәдени орталығы» ҚБ төрағасы;
  3. Юсу Тумгоев, «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы» ЗТБ мүшесі.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға