Жаңалықтар

Президент болуды көздеймін – Бақыт Жаңабаев

Комиссия мүшелері құжаттарды қабылдауда аздаған ескертпе жасады
Президент болуды көздеймін – Бақыт Жаңабаев
Фото: El.kz 11.10.2022 17:47 1409
Орталық сайлау комиссия орталығында президенттікке үміткер тағы бір кандитат құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды El.kz. 

Заңда көрсетілген талаптарға сәйкес үміткердің құжаттары қабылданып, кішігірім ескертпе жасалды. Президенттікке үміткер кандидаттың есімі - Бақыт Жаңабаев. Кандидат «Қазақстан әуесқой футболшылар» ҚБ атынан ұсынылып отыр. 

«Бұл шешім аяқастынан болды. Біздің қоғамдық бірлестіктің жұмысы еліміз үшін көптеген қызметтер атқарып келеді. Бәріміз жұмыла кіріссек, шешілмейтін мәселе жоқ. Мен Президент болуды көздеймін», - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға