Жаңалықтар

Президент: Біз өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуіміз керек

Президент: Біз өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуіміз керек
Фото: Ақорда 25.04.2024 11:46 591

«Азаматтарды әлеуметтік ортаға кіріктіру жүйесі Отанға деген сүйіспеншілік идеалдарын насихаттауға және халқымыздың мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеуге негізделуі керек деп санаймын». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА сессиясында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент өз сөзінде қажетті құндылықтар, көзқарастар мен түсініктер қалыптастыру және қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтудың маңызын атап өтті. Ал мұны бақылау Ассамблея да, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар міндеті екені айтылды.

Балаларды іргелі құндылықтарға сүйене отырып тәрбиелеуге баса мән беру керек. Өскелең ұрпақтың дүниетанымы тарихқа қатысты өкпе-реніштен, догматизмнен және мәдени стереотиптерден ада болуға тиіс. Жастардың дүниетанымы өткенді, бүгінді және болашақты біртұтас ұлтымыздың еш бөлінбейтін ортақ мұрасы ретінде эмоциясыз, саяси астарсыз шынайы қабылдауға негізделуі өте маңызды.

Біз, Қазақстан халқы, өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуіміз керек. Біздің идеологиямыздың тірегі – мемлекетіміздің Тәуелсіздігі. Ең бастысы – дұрыс сөйлеп, жақсы ниет білдіру ғана емес, нақты жұмыс істеп, игілікті іске күн сайын күш жұмсау. Оқыту-тәрбиелеу үдерісінде «Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз», «Қазақстанның халқы біртұтас» деген қағидаттар көрініс табуға тиіс, - деді Тоқаев. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға