Жаңалықтар

Президент бірқатар кездесу өткізді

Кездесуде Қашаған кен орнында толық ауқымды өндірісті қайта бастау мерзімдерін талқылады.
Президент бірқатар кездесу өткізді
Фото: Ақорда 20.09.2022 07:14 1162

Президент General Electric International Markets компаниясының аға вице-президенті Набил Хабайебпен кездесті, деп хабарлайды EL.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Копорация Қазақстанға медициналық жабдықтар өндірісін көшіруге ниетті, атап айтқанда УДЗ және КТ аппараттарын шығаратын жаңа өндірістік желіні іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чепманмен еліміздің көмірсутек секторындағы бірқатар жобаларды іске асыру барысын талқылады.

Кездесуде Қашаған кен орнында толық ауқымды өндірісті қайта бастау мерзімдерін талқылады.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Franklin Templeton жаһандық инвестициялық фирмасының бас директоры Дженни Джонсон Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асырудың мүмкіндіктерін қарастырды.

Сондай-ақ әлемдік экономика мен қаржы нарықтарының одан әрі дамуы жөнінде пікір алмасты.

Franklin Templeton – 1,5 трлн долларлық активке ие жаһандық инвестициялық компания.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға