Жаңалықтар

Президент «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қойды

Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының әнұранын орындады
Президент «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда 28.11.2022 17:49 1244

Президент «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш-мемориалына гүл шоғын қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды.

Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Содан соң Қазақстан делегациясының алдынан Құрмет қарауылы салтанатпен сап түзеп жүріп өтті.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Мәскеуге барған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға