Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифа мен оның отандастарын Бахрейн Корольдігінің ұлттық мерекесі –Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы жеделхатында Қазақстанның Бахрейнді араб әлеміндегі және Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сондай-ақ дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенімді екенін жеткізген.
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифаға ұзақ ғұмыр, Бахрейн халқына бақ-береке тіледі.
Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары