Жаңалықтар

Президент айтқан су тапшылығын жойып, құрғақшылықтың қалай алдын алуға болады?

Президент айтқан су тапшылығын жойып, құрғақшылықтың қалай алдын алуға болады?
Фото: Коллаж El.kz 08.02.2024 14:50 4364

Соңғы жылдарымыз Маңғыстау, Қызылорда облыстарындағы құрғақшылық халықты қинап тұр. Мұның президент Қасым-Жомарт Тоқаев та үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр қыркүйек айындағы жолдаудан кейін елімізде су ресурстары министрлігі құрылған. Ведомствоны басқаруға бұрынғы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов шақырылған. Бірақ мемлекет басшысының бұл министрліктің жұмысына әзірге көңілі толмайды.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысы әзірге ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Ал көрші мемлекеттер су тапшылығын жою үшін нақты мақсат қойып, белсенді жұмыс істеп жатыр. Қазақстанда су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы тек жақында ғана қабылданды. Бұл құжат тым ұзақ талқыланды. Ашығын айту керек, жағдай өте күрделі. Мысалы, еліміздегі суармалы жердің 13 пайызында ғана су үнемдеу технологиясы бар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол биыл құрғақшылық қай өңірлерде болуы мүмкін екенін айтты. Жағдай реттелмесе, жылдағы жыр қайталануы мүмкін. Бір кездері біздің үкіметтің істемеген жұмысын Қытайдан келген қандасымыз Құрмет Талапқазы атқарып еді. Енді Олжас Бектеновтің үкіметі осы мәселемен айналысуы тиіс.

 Жалпы, агроөнеркәсіп кешеніне ауқымды реформа жасалуға тиіс. Нақты айтқанда, жаңа технологияларды енгізіп, жерді және басқа ресурстарды ұтымды пайдаланып, жеңілдіктер мен субсидиялардың тиімділігін арттыру қажет. Мұның бәрі, түптеп келгенде, ауыл шаруашылығындағы еңбектің өнімділігін арттырады, яғни нақты нәтиже береді. Су ресурстарының қолжетімді болуы – агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына тікелей ықпал ететін маңызды фактор. Былтыр Жамбыл облысының диқандары су тапшылығынан қатты зардап шекті. Биыл да құрғақшылық болуы мүмкін, - деді  президент.

Тоқаевтың айтуынша, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы жағдай мүшкіл, құрғақшылық қаупі аса жоғары.

Жалпы, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым алдағы 20-30 жылда Қазақстанда климаттың өзгеретінін болжаған. Бұған ғаламдық жылынудың да әсері бар. Біріккен ұлттар ұйымы жалғыз Қазақстан емес, Орта Азияны сумен қамтамасыз ету соңғы 50 жылда 3,5 есеге азайғанын айтып отыр. Қазір құрғақшылық Орталық Азияда күнделікті өмірде жиі кездесетін құбылысқа айналған. Шұғыл континенттік климат, ауылшаруашылық қызметінің қарқындылығы, халық санының өсуі (соңғы 60 жылда Орталық Азия халқының саны шамамен 24 миллион адамнан шамамен 71 миллион адамға дейін көбейді) сияқты факторлар әсер етті. Жедел урбанизация – мұның бәрі республиканың тұрақтылығына қауіп төндіреді. аймақтың табиғи экожүйелері, оның ішінде су ресурстары және құрғақшылық тәуекелдері мен олардың әсерін азайту үшін тиімдірек, шешуші, кешенді және салааралық жоспарлауды, табиғи ресурстарды және әдістерді тұрақты пайдалануды талап етеді.

ҚР Ботаника және фитоинтродукция институтының аға ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Қапар Үсен құрғақшылықты зерттеу бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы айтып берді.

Ол былтырғы жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасындағы құрғақшылық мәселелері бойынша ұлттық сарапшы болып жүр.

Құрғақшылық Қазақстан үшін де, бүкіл Орталық Азия үшін де өзекті мәселе болып табылады. Бірақ қазір құрғақшылыққа қарсы ұлттық стратегия немесе іс-қимыл жоспары жоқ. Соңғы уақытқа дейін бұл мәселе сирек көтерілді.  Шөлейттенумен күрес жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясының арқасында біз бұл табиғи құбылысты зерттей бастадық және құрғақшылыққа қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі қарастырдық. Құрғақшылық әлемнің көптеген елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоршаған орта үшін ауыр зардаптары бар. Бүкіл Орталық Азия, әсіресе оның құрғақ, жартылай құрғақ және ылғалды аймақтары бұл табиғи құбылыстың қаупіне ұшырайды. Сонымен қатар, біздің өңірде құрғақшылыққа реактивті түрде, яғни құрғақшылық орын алған соң әрекет ету әдетке айналған, - дейді Қапар Үсен.

Осы ретте ол тәсілдің қандай проблемасы бар екенін айтты.

Бұл бірінші кезекте үкіметтер үшін орасан зор қаржылық және ресурстық шығындарға әкеледі. Екіншіден, ең бастысы, құрғақшылыққа реактивті көзқарас табиғи апаттардың қаупін азайтудың және олардың зардаптарын азайтудың ең тиімді жолы емес. Сайып келгенде, біз Орталық Азияның тұрақты дамып, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне мүдделіміз. Құрғақшылыққа реактивті көзқарас аймақты құрғақшылықтың өзіне ғана емес, сонымен қатар жердің деградациясына, биоәртүрліліктің жоғалуына, адамдардың бейберекет қоныс аударуына және т.б. әсер етеді, - дейді сарапшы.

Ол осы ретте бұл жағдайды қалай түзетуге болатынын мысал келтірді.

Қазгидромет құрғақшылықты болжауға көмектесетін ұзақ мерзімді климаттық бақылаулар жүргізеді. Бірақ бұл деректердің барлығы ақылы, ал ауылшаруашылық өндірушілерінің көпшілігі қосымша шығындарды көтере алмайды. Сондықтан фермерлер өздерінің тәжірибесі мен халықтық белгілеріне сүйенуі керек. Алайда біз мұның бәрі өте сенімді емес екенін түсінеміз. Құрғақшылық бірінші кезекте ауыл тұрғындарына әсер ететінін ескерсек, «Қазгидрометтің» мәліметтеріне сүйене отырып, ауыл тұрғындарын ерте хабарлау жүйесін құруға болады. Бұл бір ғана мысал. Мұндай шаралар құрғақшылық қаупін басқара алады және олардың әсерін азайтады, - дейді Қапар Үсен.

Ол соңғы жылдары құрғақшылықтың қарқындылығы мен ауқымы артып жатыр ма деген сауалға жауап берді.  Біріккен ұлттар ұйымының климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қол қойған барлық басқа елдер сияқты біздің республикамыз да тұрақты түрде климат туралы есеп жазып отырады екен.

 Соңғысы 2017 жылы жасалған. Ол жаһандық жылыну жүріп жатқанын көрсететін болжамды береді. Жауын-шашын мөлшерінде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.Орталық Азияда құрғақшылық жиі болып жатқан жоқ деп есептесек те, оның зиянды әсері әлі де зор. Аймақтың экономикалық қажеттіліктері өсуде, халық саны көбейіп жатыр. Мұның бәрі онсыз да нәзік экожүйелерге қысымды күшейтіп, трансшекаралық ынтымақтастық пен су ресурстарын бөлу мәселелерін көтереді, - дейді сарапшы.

Ол шаңды дауыл мен құрғақшылыққа қарсы аймақтық жоба жыл басынан басталды. Жобаның жұмыс тобының алдында бастапқыда қандай міндеттер тұрды? Бүгінгі күнге дейін не істелді? Осы жағын да айта кетті.

 Біз Орталық Азияның басқа елдеріндегі әріптестермен бірлесе отырып, «Орталық Азия үшін құрғақшылық қаупін басқарудың өңірлік стратегиясын» әзірлеу мақсатында техникалық тапсырмаға сәйкес әрекет етудеміз деп айтты.

 Біз карантин басталар алдында наурыз айында жұмысқа кірістік. Біздің бірінші міндетіміз – құрғақшылық мәселелері бойынша алдын ала жұмыс жоспарын жасауға көмектесу. Екінші: Орталық Азияның бес елінің әрқайсысында құрғақшылық мәселелері бойынша қолданыстағы құжаттарды талдау. Құрғақшылық проблемасы бірқатар құжаттарда атап өтілген: мысалы, шөлейттенумен күрес жөніндегі конвенцияда, климаттық іс-қимыл жоспарында. Бірақ Қазақстанда тек құрғақшылыққа арналған құжат жоқ. Орталық Азияның басқа елдерінде де солай деп ойлаймын, - дейді Қапар Үсен.

Былтыр ауыл шаруашылығы вице-министрі болған Әбілхайыр Тамабек вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құрғақшылық пен суармалы судың болмауына байланысты бірқатар проблемаларға тап болғанын айтып еді.

Облыстар әкімдіктерінің жедел деректері бойынша дәнді дақылдар егістерінің 45,1% пайызы (7,8 миллион гектар) жақсы жағдайда, 46 пайызы қанағаттанарлық (8 миллион гектар) және 7,5 пайызы  нашар жағдайда (1,3 миллион гектар) болды. 81 мың гектар немесе астық егістерінің 1 пайыздан кемі жойылды. Бұл негізінен Павлодар облысында болған, - дейді ол.

Жылдан-жылға құрғақшылықтың үлесі артып, жағдай қиындап барады екен.  2021 жылы дақылдардың 3,8 пайызы жойылса, 2023 жылы бірнеше есеге көбейген.

Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында Түркістан, Қызылорда облыстарында  тиісті жұмыс жүргізіліп жатпғанын айтты. Осы ретте ол суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту керектігін жеткізді. Мемлекет басшысының тағы бір ұсысынысысу үнемдейтін технологияны енгізу қажет.

Ахуалды жақсарту үшін батыл әрекет жасау керек. Ең алдымен, су үнемдеу технологиясын кең ауқымда енгізген жөн. Шыны керек, біз суды тым орынсыз жұмсаймыз. «Судың да сұрауы бар». Бүкіл ел болып суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Көрші мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, тиімді тұстарын алу қажет. Елді сумен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет, ұлттық қауіпсіздік мәселесі деуге болады. Өнеркәсіпте, агросекторда, коммуналдық шаруашылықта, жалпы, барлық салада суды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше мән беру қажет, - деді ол. 

Желідегі пікірлерін де жинақтап көрдік. Президенттің сөзіне байланысты өз ойларын жазып жатқандар бар.

«Күрішке субсидия бермеу керек», «Су қоймасын салу керек шығар», «Су қоймасын салса, суды қайдан аламыз?», «Су мамандарын көбейту керек», «Әлі су проблема болатын сияқты», «Біздің Ұлытауда да құрғақшылық», «Күріш егетіндер қиын-ау», «Жамбыл облысында да осы жағдай», «Бір келі күріш өндіруге 40 тонна ағын су кетеді. Сонда күрішке кететін су аралды апатқа әкеліп отыр. Осы саланы зерттеу керек», «Қызылорда күріш егуге дағдыланған оны бірден өзгерту мүмкін емес.»Күріш өсіруді тоқтату керек болды», «Күрішке су көп көтеді, күрішті азайту керек», - деген пікірлер бар.

Негізі судың жетіспеуі елдегі күріш бағасына да әсер етіп жатыр. Қазіргі кезде күріш бағасы 25,8 пайызға өскен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға