Жаңалықтар

Президент Атырау МӨЗ бен МАЭК-тегі жағдайды бақылауда ұстап отыр

Президент Атырау МӨЗ бен МАЭК-тегі жағдайды бақылауда ұстап отыр
Фото: Ақорда 03.07.2023 23:25 660

Президент апаттардан кейін Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында туындаған жағдайды ұдайы бақылауда ұстап отыр.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент апаттардың себебін анықтау  үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Үкіметке аталған кәсіпорындарды қысқа мерзімде жұмыс жағдайына келтіру туралы тапсырма берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға