Жаңалықтар

Президент Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашуды ұсынды

Біз тату көршілік қарым-қатынастарды сақтауға және ынтымақтастықты әртараптандыруға бейілдіміз.
Президент Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашуды ұсынды
Фото: ult.kz 21.09.2022 00:33 1243

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаты жөніндегі аймақтық орталығын ашу маңызды деп есептетінін  айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Орталық Азия туралы айтар болсақ, біз оның қазірдің өзінде халықаралық ынтымақтастық үшін мол мүмкіндіктері бар аймақ екенін есте ұстауымыз керек. Орталық Азиядағы әріптестерімізбен бірге аймақты одан әрі дамыту мақсатында өзара саяси іс-әрекетті нығайтуға және экономикалық байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Біз тату көршілік қарым-қатынастарды сақтауға және ынтымақтастықты әртараптандыруға бейілдіміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл тұрғыда маңызды табиғи және ауыл шаруашылығы ресурстар, адами капитал және транзиттік әлеует ескерілгенін айтты.

«Біз – Шығыс пен Батыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің арасындағы аралық нарықпыз. Біз климаттың өзгеруі, Арал теңізі, су ресурстарын ұтымды пайдалану, шекараны делимитациялау, экстремизмге қарсы күрес және аймақішілік сауданы кеңейту мәселелерін қамтитын өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді шешу үшін барлық мүдделі тараптармен бірлескен жұмыстарды жалғастыруға ниеттіміз. Сондықтан Алматы қаласында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаты жөніндегі аймақтық орталығын ашу маңызды деп есептейміз», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ауғанстанның болашағын көрші елдермен бейбіт қарым-қатынаста болатын шынайы тәуелсіз, бейтарап, біртұтас, дамыған мемлекет ретінде көргісі келетенін атап өтті.

«Сондықтан аса маңызды гуманитарлық көмек көрсете отырып, осы елде мемлекеттілік қалыптасуының күрделі процесін қолдаймыз», - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға