Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары тағайындалды

 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ернар Жеңісұлы Баспаев ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Е.Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Оқи отырыңыз