Жаңалықтар

Президент 5,2 миллиард теңгеге салынған Prometheus school мектебіне барды

Президент 5,2 миллиард теңгеге салынған Prometheus school мектебіне барды
Фото: t.me/aqorda_resmi 18.08.2023 14:52 595

Президентке білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп 840 оқушыға арналған. Аумағы – 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінеді. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы Prometheus School мектебіндегі білім беру және оқушыларды даярлау форматының ерекшелігін атап өтті.

Сондай-ақ ұстаздарға табыс тілеп, олардың қызметі қоғам үшін маңызды екенін айтты.

Сондай-ақ үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев Президентпен кездесуге кешігіп қалғанын айтып, өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін Мемлекет басшысына сыйлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға